Хоккейшілер «Қара жорға» биін биледі

79

0

  Астанада өтіп жатқан ӘХЛ жұлдыздар матчында хоккейшілер «Қара жорғаны» биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтардың 10-ы күні басталған додада матчтар арасында жанкүйерлерге арналған қызықты ойындар да ұйымдастырылуда. Соның бірі құрлықтық лиганың ең үздік хоккейшілері мұз үстінде «Қара жорға» биін билеуі болды.

Шығыс конфедерация командасының арулары бұл нөмірді қарсыластарының флешмобына жауап ретінде ойлап тауыпты. Құрлықтық лига хоккейшілерінің «Қара жорғаны» билеуі бірінші рет. Қызықты шара әлі 2 күн жалғасады. Алдағы күндері ересек кәсіпқой хоккейшілер арасындағы тартыстар өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз