
Былтырғы жылы жерлестеріміз Алматы облысында Азия кубогында 2-орынды иеленген болатын. Сондай-ақ, әйелдер мен ерлер командасы 2016 жылғы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері.
Сырдария ауданы «Қайсар» ойын түрлері спорт клубында тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.
Ендігі мақсат – биылғы жылдың маусым айында Тараз қаласында өтетін көгалдағы хоккейден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының кубогына қатысу.