И.Ильин: Ұлым олимпиада чемпионы болғанын қалаймын

68

0

И.Ильин: Ұлым олимпиада чемпионы болғанын қалаймынӘлемнiң төрт дүркiн чемпионы, екi мәрте олимпиада жеңiмпазы Илья Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өзiнiң жанұясы жайында ой бөлiстi. 

Оның айтуынша, Қазақстанға олимпиада алтынын жеңiп алатын ұлдың туғанын қалайды.

«Менiң кiшкентай қызым өсiп келедi. Ол мен айналысатын iстi жақсы көредi, бiрақ анасы секiлдi гандболға барып жүр. Егер ұлым болса, спортқа беретiнiм анық. Спорт – адамзаттың ажырамас бөлiгi. Бiз балаларымызды спортқа бейiмдеуiмiз керек, оған өзiмiз де талпынғанымыз жөн. Мен болашақта балам олимпиада чемпионы болғанын армандаймын», – дедi И.Иьин.

Сонымен қатар чемпионның атап көрсеткенiндей, ол өз балаларын тек өзi таңдаған спортқа бермек. «Сөз жоқ, спортқа беретiнiм – 100 пайыз. Бiрақ ол ауыр атлетика болады деп айта алмаймын, өздерi таңдау жасайды», – дедi ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз