Илон Маск пен Киану Ривз қазақстандық сәнгердің киімдерін киіп жүр

61

0

Американың танымал жұлдыздары мен миллиардерлері қазақстандық сәнгердің киімдерін киіп жүр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі the-steppe.com сайтына сілтеме жасап.
Назим Палташев Алматы қаласында туып өскен. Ата-анасы Санкт-Петербург қаласында жұмыс істегендіктен, оның балалық шағы осы екі қаламен байланысты. 1995 жылы әкесінің қызметіне байланысты отбасы Америкаға көшіп барған. Назим сол жерде жоғары білім алып, кейін Алматыға қайтып келеді. Қазақстанда «8 өзен» секілді шипажайлар салуды қолға алады.
2012 жылы ол Алматыдағы пәтерін сатып АҚШ-қа оралады. Ал 2016 жылы ол «Soul of Nomad» атты брендпен киімдер шығара бастайды. Forbes журналының мәліметінше, аталған киім топтамалары небәрі бір жыл ішінде үздіктер қатарына кірген. Soul of Nomad джинсыларын бүгінде Илон Маск, Киану Ривз сынды танымал америкалық миллиардерлер киіп жүр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз