Илья Ильин Инчхондағы Азиадаға әзірлік туралы әңгімеледі

45

0

Илья Ильин Инчхондағы Азиадаға әзірлік туралы әңгімеледіҚазақстанның атақты ауыр атлеті Илья Ильин алдағы Инчхонда өтетін Азия ойындарына және Алматыда өтетін әлем чемпионатына дайындық жөнінде ҚР ауыр атлетика федерациясы басшылығы алдында есеп беру үшін Бухаресте қазақстандық «KazMunayGas International» мұнай-газ компаниясының бас кеңсесінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіби мереке – жыл сайын қыркүйектің басында аталып өтілетін Мұнай саласы қызметкерлерінің күнімен тұспа-тұс келген сапар кезінде екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы және екі дүркін Азия ойындарының чемпионы И.Ильин өзінің шәкірттері – жас және болашағы зор Қазақстанның ауыратлеттері Денис Улановпен және Александр Зайчиковпен бірге компания қызметкерлерімен – жанкүйерлерімен кездесті. Ол барлығын кәсіби мерекемен құттықтады.

«Мен сіздердің барлығыңызбен кездескеніме қуаныштымын. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Барлық алға қойған міндеттерді орындауда табысқа жетулеріңізге тілектеспін. Ал біз сіздердің қастарыңыздамыз, өз жеңістерімізбен көмектесетін боламыз», – деді И.Ильин кездесу кезінде.

Өз кезегінде «KMG International» бас директоры, Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының президенті Жанат Түсіпбеков спортшыларымыздың жеңістерін мақтаныш ететінін білдірді және алдағы жарыстарда оларға сәттілік тіледі.

«Қазақстанның ауыратлеттерінің жетістіктері әлем жұртшылығының аузында жүр. Біздерде өз үйімізде шеберлігімізді көрсетудің жақсы мүмкіндігі туып тұр. Сіздерге сәттілік тілеймн, жігіттер! Біз Отаннан жырақта, осы жерде сіздерге жанкүйер боламыз», – деді Ж.түсіпбеков.

Қазақстандық ауыратлет Инчхондағы (Корея) алдағы Азия ойындардарына және Алматы қаласында 4-19 қараша күндері өтетін 2014 жылғы Әлем чемионатына әзірлік туралы есеп берді.

2014 жылғы Алматы қаласында өтетін Әлем чемпионаты 2016 жылғы олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлерді таңдауда маңызды іріктеу кезеңі болмақ. Бұл шараға әлемнің 80-ден астам елінен 300-500 спортшы қатысуы жоспарланып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз