Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлетшісі деп танылды

40

0

Илья Ильин әлемнің үздік ауыр атлетшісі деп танылдыҚазақстандық Илья Ильин 2015 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі
үздік ауыр атлетші деп танылды, деп  жазады Vesti.kz. Бұл туралы Ауыр
атлетиканың халықаралық федерациясы мәлім етті.

Дауыс
беруді ұйымның ресми сайты ұйымдастырып отыр. Ал әйелдер арасында
Қытайдың Тайбэй атынан шығатын Сюй Шу-Чин көш бастады. Қос спортшы да
2000-нан астам дауыс жинап, айқын жеңіске жетті.
Атап өтерлігі,
IWF жанкүйерлер арасындағы сауалнамада 2015 жылы Ильиннің Грозный
қаласында өткен Ресей Президентінің кубогында жеңіп алған алтын медалі
мен екі бірдей әлемдік рекорды оның дауыс беруде жеңіске жетуі мол
септігін тигізгендігін алға тартты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз