Илья Ильин мен Денис Тен «ҚХА-ына 20 жыл» медалімен марапатталды

39

0

Илья Ильин мен Денис Тен «ҚХА-ына 20 жыл» медалімен марапатталдыОлимпиада ойындарының екi дүркiн чемпионы Илья Ильин мен Сочи
Олимпиадасының қола жүлдегерi Денис Тен «Қазақстан халқы Ассамблеясына –
20 жыл» медалiмен марапатталды. 

Бұл туралы бүгiн ҚР Мәдениет және
спорт министрлiгiнде Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өтетiн XXXI Жазғы
Олимпиадаға дайындық барысы талқыланған жиында мәлiм болды.

Қазақстан Президентiнiң Жарлығына сәйкес, қоғамдық келiсiмге қосқан
үлестерi үшiн «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалi Илья Ильин,
Денис Тен, шорт-тректен ұлттық құрама бапкерi Мадығали Қарсыбеков, ауыр
атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, ҚР бокс бапкерi Александр
Стрельников пен еркiн күрестен Қазақстанның спорт шеберi Ислам
Байрамұқовқа табыс етiлдi.

Наградаларды ҚР Мәдениет және спорт вице-министрi Сәкен Мұсайбеков
табыстады. Рәсiмге Денис Тен, Илья Ильин мен Ислам Байрамұқов түрлi
себептерге байланысты қатыса алмады.

Айта кетейік, елдегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының
бірлігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының
азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының құрметіне орай, биыл Елбасы
Жарлығымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалi тағайындалған
болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз