Илья Ильин серпе көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатты

51

0

Илья Ильин серпе көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнаттыАлматыдағы 2014 жылғы әлем чемпионатында қос дүркін Олимпиада чемпионы
Илья Ильин салмағы 242 келі зілтемірді серпе көтерген болатын, деп
хабарлайды vesti.kz.

Ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін
чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы қазақстандық Илья Ильин серпе
көтеруден жаңа әлемдік рекорд орнатты. Бұл туралы спортшының өзі
Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Түнгі жаттығу. 250 келіні серпе көтеру. Әлемдік рекорд!!!», – деп жазды Ильин, жазбасына видео қосып.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен 2014 жылғы әлем
чемпионатында Ильин жұлқа көтеруде 190 келі, ал серпе көтеруде – 242
келіні бағындырып, әлемдік рекорд орнатты, сөйтіп алтын медаль жеңіп
алды. Жыл қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы әлемнің үздік
зілтеміршісі болып танылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз