Илья Ильин табысқа жетудің 7 құпиясын айтады

70

0

11 қаңтарда Астанада ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің «Табысқа жетудің 7 құпиясы» атты алғашқы мастер класы өтпек, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшы Іnstagram-дағы аккаунтында семинар туралы хабарлаған.
«Достар, алғаш рет темір құрбымсыз (зілтемірсіз) алдарыңызға шығуға санаулы күн қалды. Мен сіздерге кәсіби өмірімнің тарихын, жеңістерім мен жеңілістерім туралы, болашақ жоспарларым мен өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауда не көмектесетіні туралы айтатын боламын. Келіңіздер. Сіздерді алғашқы семинарымда көргім келеді», – деп жазды ауыр атлет Instagram-дағы парақшасында.
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің алғашқы семинары 11 қаңтарда Астана қаласындағы Rixos қонақ үйінде өтпек.
Мастер класқа қатысу үшін 5-15 мың теңге аралығында билет алу керек.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз