Илья Ильин – «Жас тұлпар» сыйлығының лауреаты

61

0

Илья Ильин – «Жас тұлпар» сыйлығының лауреатыБүгін Астанада «Жас тұлпар» сыйлығын табыс етудің салтанатты рәсімі өтті. Байқау қазақстандық патриотизмді дамытуға сүбелі үлесін қосып жүрген талантты жастарды қолдауға бағытталған.

«Спорт саласындағы жетістіктері үшін» аталымында ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин марапатталды. Сыйлықты даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов табыстады.

Еске сала кетейік, өткен жылы бұл аталым бойынша шахматшы Жансая Әбдімәлік үздік деп танылған еді. Ол 12 жасында гроссмейстер атағын иеленді.

Шара жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз