Илья Ильин жыл спортшысы атанды

58

0

Олимпиада ойындарының екі дүркін және әлемнің төрт дүркін чемпионы ауыратлет Илья Ильин «Қазақстандағы жыл таңдауы» байқауының «Алтын Адам» номинациясы бойынша «Жыл спортшысы» атанды.
Бұл жайында спортшының өзі Instagram парақшасында жария етті. Айта кетейік, 26 жастағы Ильин жуырда Алматы қаласында өткен әлем чемпионатында жарыстың ең үздік спортшысы атанған болатын. Айтулы додада Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын иеленді.
Осы жарыстан кейін Еуроспорт сайты Илья Ильинді әлемде қарсыласы жоқ ауыратлет деп атаса, ресейлік палуан, грек-рим күресінің шебері, Олимпиада және әлем чемпионы Хасан Бароев оны 21 ғасырдың ең үздік спортшысы деген атаққа лайық екенін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз