Илья Ильиннің тағдыры 18 қазанда толығымен шешіледі

41

0

Илья Ильиннің тағдыры 18 қазанда толығымен шешіледіҚазан айының 18 күні Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі допинг қолданды деген айып тағылған қазақстандық спортшыларға – Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедоваға нақты шешім шығарады деп хабарлайды BAQ.kz ақпараттық порталы Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Қыркүйек айының 20 күні « IWF» Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқарушы комитетінің отырысы өтті. Отырыс барысында Бейжің мен Лондон Олимпиадасында допинг қолданды деген айыппен спорттан шеттетілген спортшылардың тағдырлары талқығаға салынды.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Омар Мұстафиннің айтуынша, Қазақстан құрамасы осы жылдың аяғына дейін барлық үлкен жарыстарға қатысу мүмкіндіктерінен айырыла қойған жоқ. Алдағы уақытта қазақ ауыр атлеттерін екі ірі турнир күтіп тұр. Бірі – Малайзияда қазан айында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионаты болса, екіншісі – жастар арасындағы Токиодағы Азия чемпионаты.
Қазан айының 18 күні Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесі допинг қолданды деген айып тағылған қазақстандық спортшыларға – Илья Ильинге, Мая Манезаға, Чиншанло мен Подобедоваға нақты шешім шығарады.
Сонымен қатар Омар Мұстафин егер ауыр атлетшілерге тағылған айыптың барлығы расталған болған жағдайда қандай жаза қолданылатыны жөнінде де айтты.
Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік кеңесінің құзыретіне сәйкес спортшылар жетістіктерінен айырылады немесе сол қалпында қалады. Егер комиссия шешімі көңіл көншітерлік болмаса, олар медальдерінен айырылады. Одан бөлек кеңес қосымша жазалау іс-шараларын қарастырмайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз