Имам гір тасын көтерді

41

0

Имам гір тасын көтердіЖаңақорған. Ауданға қарасты Байкенже ауылында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аталып өтті. 
Мерекелік шарада ауыл тұрғындары наурыз көжеден дәм татып, түрлі ұлттық ойындар ойналды. «Таза аула», «Таза көше» акцияларын өткізіп, жеңімпаздарды ауыл әкімі алғыс хаттармен марапаттады. Әжелер ауылдың алты ауызын айтып, жас келіндер қазақы ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын көріністер көрсетсе, ауыл имамы гір тасын көтеруден жеңімпаз атанды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз