ҒИМАРАТТАҒЫ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫ

54

0

ҒИМАРАТТАҒЫ ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛДЫАрал ауданы әкімдігінің ғимаратында өртке қарсы оқу-тактикалық
жаттығулары өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
    Өрт сөндіру-тактикалық оқуға ТЖМ өртке қарсы қызметінің аудандық
бөлімі, әкімдіктің қызметкерлері қатысты. «Тактикалық жоспарға сәйкес
ғимаратта тосыннан өрт шығуынан бірнеше адам зардап шеккен. Мұны
байқаған әкімшілік 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметінің
диспетчеріне өрт туралы хабарлайды. Шақырту орнына күштер мен құралдар
жолданады. Объектінің ұжымы адамдардың және материалдық құндылықтардың
эвакуациясын жүргізіп, алғашқы өрт сөндіру құрылғыларын қолданады. Осы
кезде Арал ауданының ТЖМ құрамы өртті сөндіру үшін күш пен құралдарды
біріктіреді және уақытша жедел штабты құрады», – делінген хабарламада.
    Оқудың нәтижесі бойынша Арал ауданының өртке қарсы қызмет бөлімінің
майоры Б.Махатов оқуға тартылған техниканың және жеке құрамның қарауын,
әрекеттерінің талдауын жүргізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз