Иммигранттар үшін ең жайлы 10 ел

66

0

Иммигранттар үшін ең жайлы он ел анықталды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.
Иммигранттардың тұруына қолайлы болатын елдердің тізімі жарияланды. Осы тізімде бірінші және екінші орында болған Канада мен Швейцарияны Швеция басып озыпты.
Босқындар мәселесін үнемі халықаралық деңгейде көтеретін АҚШ болса 2017 жылғы көрсеткіш бойынша жетінші орынға тұрақтаған. Ол Австралия, Германия және Норвегиядан кейін тұр. Былтырғы жылы АҚШ төртінші орында болған.
Респонденттерден қандай ел төмендегі көрсеткіштер бойынша тұруға жайлы екені сұралыпты: «экономикалық тұрғыдан тұрақты», «жақсы еңбек нарығы», «табысты әділ бағалау», «менің өмір сүргім келетін қала». Сондай-ақ сарапшылар зерттеу кезінде ел тұрғындарының арасындағы эмигранттардың үлесін де ескерген.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының баяндамасындағы зерттеу көрсеткендей, егер көші-қон мәселесі жақсы басқарылса, онда сол елге де, сол елге келушілерге де жақсы пайда әкелетін көрінеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз