Инновациялық даму игілікке бастайды

44

0

Инновациялық даму игілікке бастайды   Арал. Еліміздегі «Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасына сәйкес өңірлік үйлестіру кеңесіне ауданнан 3 жоба ұсынылып, бұл жобалар мақұлданды.
   «Аудан көлеміндегі іргелі кәсіпорынның бірі – «Аралтұз» акционерлік қоғамының Жақсықылыш кентіндегі «Аралтұз зауытын қайта жаңғырту» жобасы республикалық картаға енгізілді. Сонымен қатар, бағдарлама аясында құны 4500,0 млн теңге болатын «Дана» ЖШС Шөміш бекетінде «Кварц құмын құрғақ байыту комбинатын салу» мен жеке кәсіпкер А.Үбетов Жақсықылыш кентінде наубайхана салу мақсатында өз жобаларын ұсынды. Кәсіпорындар өз жұмысын бастаған уақытта 600 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда» делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз