ИНТЕРНЕТ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

55

0

ИНТЕРНЕТ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ2017 жылғы 17 сәуір күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру» тақырыбында интернет-коференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына агенттік төр¬ағасының орынбасары А.Ж.Шпекбаев жауап беретін болады. 
Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді. Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz  мекен жайы бойынша агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру салалары бойынша қызығушылық танытатын сұрақтар қоюға болады. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз