«Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқармасының төрағасы оқырманмен кездесті

61

0

«Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқармасының төрағасы оқырманмен кездесті«Егеменнің» тынысы кеңейе түсті. Бірінші нөмірлі басылым тілшілері оқырман хаты, онда көтерілген проблема бойынша журналистік зерттеу жүргізу тәжірибесін қолға алды. Сырбойылықтармен кездесуде «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ басқармасының төрағасы Дархан Қыдырәлі осындай жаңалықтармен бөлісті. 
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-да өткен басқосуға профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты. Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов бір ғасырға жуық тарихы бар басылымның ролін айшықтады. 
– Қызылорда еліміздің астанасы болған жылдары газет Сыр өңірінен шығып, онда ұлт зиялылары жұмыс істеді. Қазақ халқының келешегі мен рухани өмірі туралы өзекті ойлар осы жерде туып, баспа бетінде жарияланып тұрды, – деді Қылышбай Бисенов. 
Төрағалық тізгінді ұстағанына көп бола қоймаған Дархан Қыдырәлі ел газетіндегі өзгерістердің оқырман һәм бәсекелестік талабына сай жүргізіліп жатқанын жеткізді. Ресми сарын азайды. Есесіне сыни, халықаралық жағдайларға қатысты материалдар, шетелдік сарапшылардың пікірлеріне көп орын беріле бастады. 
– «Егемен» – Үкіметтің, биліктің халыққа бағыттаған емес, керісінше, халықтың билікке жететін сөзі. Бүгінде интернет жетпейтін ауылдарға «Егемен» жетеді. 1994 жылдан бері киоскіге түспей келген еді. Енді осы мәселені шешеміз. Қытай, Моңғолия, Өзбекстан секілді қазақтар өмір сүретін барлық мемлекетке газетті жеткізсек деген ұстанымымыз бар, – деді Дархан Қыдырәлі. 
«Егемен Қазақстан» газеті АҚ басқармасының төрағасы оқырманмен кездесті Кездесу соңында университет ректоры Қылышбай Бисенов мәртебелі мейманды Қорқыт ата атындағы «Алтын медальмен» марапаттады. 
Назерке ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз