Ирандық делегация кәсіпкерлермен кездесті

47

0

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы делегациясының қызылордалық кәсіпкерлермен В2В кездесуі өткізілді. 
Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мақсатында Иран Ислам Республикасы Мазендаран провинциясы делегациясы 1-2 ақпан аралығында Қызылорда облысында іс-сапармен болды.
Ирандық делегаттардың Сыр өңіріне сапарының мақсаты облыс аумағындағы тауық өсіру мен тауық еті өндірісі, балық және мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, жылыжай салу, қайта өңдеу салаларындағы жобалармен танысу, сондай-ақ өздерінің технологиялар мен озық әдістерімен бөлісу болып табылады.
Кездесу барысында Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов қонақтарды Кәсіпкерлер үйінің жұмысымен таныстырып шығып, одан әрі кәсіпкерлік саласындағы мәселелерді бірге талқылауға шақырды. 
Ирандық делегаттар тарапынан Мазандаран провинциясы Губернаторының саяси, қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Юнеси Ростами Голамреза Алиджан мен Мазендаран провинциясы Сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшаруашылығы палатасының Президенті Мохаджердараби Абдолла Ебрахим мырзалар сапарларының мақсаттарын айтып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. 
Бұдан кейін Мазендаран провинциясы Сауда, өнеркәсіп, кендер және ауылшаруашылығы палатасының Президенті Мохаджердараби Абдолла Ебрахим мырза мен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Жақсылықов Ғалымбек Жақсылықұлы әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойды. 
Шара Иран Ислам Республикасы Мазандаран провинциясы делегациясының қызылордалық кәсіпкерлермен В2В кездесуімен жалғастырылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз