Иттердің көмегімен 70 қылмыстың беті ашылды

52

0

Иттердің көмегімен 70 қылмыстың беті ашылдыҚызылорда ОІІД Кинологиялық
қызмет орталығы 2014 жылдың 11 ай көлемінде қылмысты ашуда, қылмыстың
ізін кесуде қызметтік-іздестіру иттерін пайдаланып, нәтижесінде 70
қылмыстың бетін ашты.

Бұл туралы
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде, бөтен мүлікті
ұрлау қылмысы бойынша 37 дерек, тонау қылмысы бойынша 12 дерек,
қарақшылық қылмысы бойынша – 1, зорлау фактісі бойынша – 3, бұзақылық
бойынша – 4 және басқа да қылмыстар бойынша 13 дерек анықтаған.

Сондай-ақ, заңсыз есірткі айналымы бойынша
қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 20 қылмыстың беті ашылып, 12
құқық бұзушылық анықталған. Сондай-ақ, иісшіл иттердің көмегімен заңсыз
айналымнан 67 кг. 680,775 гр. есірткі заты алынған.
Айта кету керек, Қызылорда ОІІД Кинологиялық қызмет орталығының теңгерімінде 37 қызметтік-іздестіру иттері бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз