IV Жастар спорт ойындары өтеді

64

0

IV Жастар спорт ойындары өтеді 6-12 сәуір аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының IV Жастар спорт ойындарының ашылу салтанаты өтеді.
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын айтулы додаға Астана, Алматы қалалары мен  облыстардың спортшылары спорттың 35 түрінен бақ сынайды. Бағдарлама аясында Қызылордада гандбол және тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді. Мақсаты –жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және жоғары білікті спортшыларды іріктеу.
Жастар ойындары республиканың барлық аймақтарында шілде айына дейін жалғасып, бірінші шілдеде Ақтөбе қаласында жабылу салтанаты болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз