Канн фестивалінде қазақстандық павильон ашылады

84

0

Канн фестивалінде қазақстандық павильон ашылады70-ші Канн фестивалі аясында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық брифингі аясында ОКҚ ресми өкілі Оксана Лоскутова хабарлады. 
«Каннда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылады.17-28 мамыр аралығында  өтетін 70-ші Кан фестивалінде алғаш рет отандық киноиндустрияның өнімдері ұсынылатын болады. Сондай-ақ, 19 мамыр күні павильонның ашылуы қарсаңында ресми қабылдаулар мен концерттер өтеді. Аталған шараға елімізге белгілі жұлдыздар Айман Мұсаходжаева,  Димаш Құдайберген қатысып, өз өнерлерін көрсетеді»,-деді Оксана Лоскутова.
Спикердің айтуынша, 19-21 мамыр аралығында қазақстандық делегация  Минск қаласында 8-ші MILEX-2017 қару-жарақ пен әскери техникалардың халықаралық көрмесіне  қатысады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз