Каратэ-додан Сыр спортшылары халықаралық турнирде 14 жүлде иеленді

82

0

Каратэ-додан Сыр спортшылары халықаралық турнирде 14 жүлде иелендіАқтөбе қаласында каратэ-додан өткен халықаралық турнирде Сыр спортшылары 14 жүлдемен оралды. Дүбірлі бәсекеге Қазақстан мен Ресейден 300-ге жуық каратэші қатысып, өзара шеберлік байқасты. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Турнир нәтижесінде алтын медальді 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 18 жастан жоғары спортшылар арасында өнер көрсеткен Мөлдір Жаңбырбай мен Нұржан Ақпанбет жеңіп алды.

16-17 жас аралығында Әділет Оралбек, Әділет Төлеу, Қайсар Өмірбек және Дастан Сыздықтар командалық кумитэде бірінші орынды иеленді.

Сүйіндік Монтай (+18 жас, -60 келі), Дастан Сыздық (16-17 жас, -55 келі), Марта Ким (14-15 жас, +47 келі) күміс жүлдені еншілесе, 14-15 жас аралығында сынға түскен Ақмарал Бекназар (-47 келі), Дінмұхаммед Мейрам (-63 келі), 16-17 жас аралығында Диана Досқали (-53 келі), Әділет Төлеу (-55 келі), Нұрәділ Кеңесбек, Қайсар Өмірбек (екеуі де -61 келі салмақта), Әділет Оралбек (-68 келі), 18 жастан жоғары спортшылар арасында Қуандық Монтай (-55 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Каратэ-додан облыстың аға жаттықтырушысы Рүстем Әбжәмиев, Рүстем Қараев және Нұржан Ақпанбеттен тәлім алатын спортшылар облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі мен №2 облыстық олимпиадалық резерв мектебінде жаттығады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз