Каратэшілер қоржынында – 12 медаль

46

0

Каратэшілер қоржынында – 12 медальҚызылордалық каратэшілердің қоржыны 12 медальмен толықты. Оның 3-уі алтын, 9-ы қола саналады. 
Жерлестеріміз Тараз қаласында өткен каратэ-додан мектеп және колледж оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасынан табысты оралды.  Атап айтсақ, 48 келіге дейін өнер көрсеткен Мөлдір Жаңбырбай мен 61 келіге дейінгі салмақта Сүйіндік Монтай  чемпион атанды. Командалық кумитэде жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Команда құрамында Мөлдір Жаңбырбай, Диана Досқали, Нұрсұлу Жетербай шеберлік байқасты. 
Ал Диана Досқали (-53 келі), Көркем Махамбетқали (-59 келі), Нұрсұлу Жетербай  (+59 келі), Әбу Кеуілтай (-76 келі), Азамат Сансызбай (+76 келі), ката бағдарламасы бойынша Диана Досқали мен Әділет Төлеу және командалық кумитэ мен командалық  катада  жерлестеріміз қола жүлдені еншіледі. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз