Каспий түбінде 36 кеме жатыр

97

0

Каспийге батқан кемелер теңізде кемелердің жүзуіне кедергі жасауда, деп хабарлайды 24.kz.
40 жылдан бері су астында жатқан бұл кемелер экологияға да зиян. Браконьерлерді ұстауда шекарашылар бірнеше рет су астындағы кемелерге соғылып, апатқа ұшырай жаздаған. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін жарамсыз кемелерді жоюмен айналысатын фирмалар банкротқа ұшырады.  Ескі кемелердің біразы Түпқараған бұғазында, енді бір бөлігі жағалаудан 60 шақырым қашықтықта су астында жатыр. Балықшылар бұл жерді «Кемелер моласы» деп атап кеткен. Осыдан екі жыл бұрын кезекті рейд кезінде шекарашылар катері су астындағы баржаға соғылып, суға батып кетті. Шекарашылар дер кезінде құтқарылып, аман қалған болатын. Ескі кемелерді су түбінен көтеріп, жағаға шығару ісі ҚР инвестициялар және даму министрлігіне тапсырылған. Жауапты сала мамандары бұл аймаққа толық зерттеу жұмыстарын жүргізіп, теңізде 36 кеменің жатқанын анықтаған.
«Кемелердің батқан орны анықталып, бұл жұмыстар енді 2019-2020 жылдарға жоспарланып отыр. Мемлекеттен қаржы бөлініп, осыған байланысты барлық іс-шаралар 2019-2020 жылдарға жоспарлануда», – дейді Ақтау және Баутино порты теңіз әкімшілігінің басшысы Нұрбол Ерманов.
 Қауіпті аймақ зерттелгенімен, ол жерлер теңізшілердің картасына түсірілмеген. Сондықтан да шекарашылар ҚР қорғаныс министрлігіне қарасты арнайы қызметтен кеме жатқан жерлерді белгілеп беруін сұрайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз