«KazSat-2» жұмысы қалпына келтірілді

52

0

«KazSat-2» жұмысы қалпына келтірілді «KazSat-2» жерсерігіндегі штаттан тыс жағдай орын алған 6,5 сағат ішінде байланыс және хабар тарататын ғарыш аппаратының жұмысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұған дейін «KazSat-2» жерсерігінің жерүсті операторларында 2017 жылғы 31 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 08.22-де сигнал нашарлай бастады. Осы орын алған жағдай туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, сондай-ақ спутникті пайдаланушы ресурстар бірден хабардар болды.
«KazSat-2» жерсерігіндегі штаттан тыс жағдайдың себептерін «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-тың мамандары аппаратты әзірлеушілермен бірлесіп, егжей-тегжейлі зерделеуде.
Қазіргі уақытта «Ақкөл» Жерүсті басқару кешенінің инженерлері «KazSat-2» жерсерігін штаттық пайдаланылымға шығарды, байланыс және хабар тарататын барлық операторлардың жұмысы толығымен қалпына келтірілді, деп мәлімдеді ҚР ҚАӨМ Баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз