Қызылорда-Анталия-Қызылорда чартерлік рейсі ашылады

41

0

Қызылорда-Анталия-Қызылорда чартерлік рейсі ашыладыМаусым айынан бастап Қызылорда мен Анталия
арасында алғашқы чартерлік рейс ашылады. Бұл туралы бүгін «Kazunion»
туроператорының бас директоры Қуаныш Байтұрсынов мәлімдеді.
Қазір Қызылордадан Астана, Алматы, Қарағанды қалаларына 20 рейс
тұрақты қатынауда. Сондай-ақ, тәжікстандық әуе рейсі техникалық
қажеттілікке байланысты осы өңір арқылы ұшып жүр.
Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда қаласының әуежайы халықаралық
статус алған болатын. Қазір өзге елдермен байланыс орнату мақсатында
келіссөздер жүруде.

– Сәуір айынан бастап Қызылорда-Бішкек
бағытындағы халықаралық рейс ашылады. Бұл бағытта барлық келісімдер
жасалды. Бұған қоса, Ақтау, Көкшетау бағыттарына ұшақ қатынайтын болады.
Одан өзге Ресей, Түркия, Қырғызстан елдерімен келісөздер жүргізілуде.
Алдағы уақытта халықаралық рейстердің саны артатын болады, – деді
«Қорқыт Ата» әуежайы АҚ бас директоры Сайлау Жаналин.

 Маусым айынан бастап ұшатын Қызылорда-Анталия-Қызылорда чартерлік
халықаралық рейсі 10 күн сайын ұшады деп жоспарлануда. Бұл «Sunday
Airlines»  (SCAT а/к чартерлік бөлімше) әуекомпаниясы арқылы жүзеге
асады. «Kazunion» туроператорының қызметкерлері Сыр елінің
турагенттіктерімен маңызды да пайдалы ақпаратпен бөлісті.
Жаңа бағыт Жерорта теңізінің жағасына турды сатып аларда қаржыны
әлдеқайда үнемдеуге мүмкінідік туғызады. Қызылордалықтарға түрік
теңізінің жағасында қолжетімді бағамен демалуларына болады деп сендірді
компания өкілдері. «Kazunion» компаниясының бас директоры Қуаныш
Байтұрсынов, Қызылордадан Анталияға 10 күнге барып демалып келу үшін,
ұшуды қосқанда, бір адамға 669 АҚШ доллары қажет, дейді. Яғни, теңгемен
шаққанда шамамен 130 мың теңге. Қазір билеттерді алдын-ала брондап қою
акциясы жүріп жатыр, ол наурыздың 31-не дейін өтеді. Қонақ үйлер
тарапынан 35 %-ға дейін жеңілдіктер де бар.  
Компанияның туристтік өніміне ұшу, трансфер, қонақ үй бөлмесін жалдау және туристтің медициналық сақтандыру құжаты кіреді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз