Келер жылдан бастап кейбір көліктерге техбайқау міндетті болмайды

59

0

Келер жылдан бастап кейбір көліктерге техбайқау міндетті болмайдыБүгін V шақырылған ҚР Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алдағы жылдан бастап, зауыттан шыққанына жеті жылдан аспаған көліктерге міндетті техникалық байқауды алып тастау тырасында нақты тапсырмалар жүктеді. 

– Жуырда ғана өткен Үкіметтің Кеңейтілген отырысында құзырлы органдар арасында елеулі өзгерістер жасауды бастадық. Мұның бәрі де басқару мен қызмет көрсету сапасын жоғарылату арқылы халықтың тұрмыс-тіршілігін оңтайландыру мақсатында қолға алынып жатқаны мәлім. Осы ретте қолданылып келе жатқанына жеті жылдан аспаған көліктерге міндетті техникалық байқауды алып тастауды ұсынамын. Осы тапсырманың ойдағыдай орындалуы үшін, бұл мәселеде қос Палата депутаттары тиісті деңгейде заңдық тұрғыда қамтамасыз етілуін шешіп беруі керек, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Парламент үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы ұйымдастырылған боалтын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз