Келер жылы апатты мектептер мәселесі түбегейлі шешіледі

49

0

Келер жылы апатты мектептер мәселесі түбегейлі шешіледіБиыл Қызылорда облысында жаңадан 30 мектеп салынуда. Соның 27-сінің құрылысы аяқталды. Бұған қоса, 58 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің аппарат мәжілісінде айтылды.
Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Н.Байқадамов 2014-2015 жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндап берді. Биыл мектеп табалдырығын 15 мыңнан астам бүлдіршін аттайды. Бұл жылдағы көрсеткіштен артық. Оқулықпен қамту 98 пайызды құрап отыр. Басқарма басшысы оқушыларды білім құралымен толық қамту бағытында жұмыстар жасалып жатқандығын айтты. Сондай-ақ, жылу маусымына дайындық барысын айтып берді.
 – Қазір облыста үш ауысымда білім беретін бірде-бір мектеп жоқ. 25 мектеп апатты жағдайда болатын. Биыл соның 14-і қайта салынуда. Қалғанын келер жылы саламыз. 58 білім ордасы күрделі жөндеуден өтуде. Бұрын сонды бір мезетте дәл мұндай жұмыс жасалған жоқ. Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Барлық мектеп оқушы қабылдауға дайын болуы керек, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы М.Бәйімбетов жолдың жайын баяндап, қаржының қалай игеріліп жатқандығын айтып берді.
Облыста 1096 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның 800-і  күрделі жөндеуді қажет етеді. «ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде үш жылда 57 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. Биыл 81 үй жөнделеді.
– Бұл мемлекеттік бағдарлама. Оны тиімді пайдалану керек. Келер жылға облыстан 35 үйді ғана жөндеуге тапсырыс беріпсіздер. Өте аз. Бұл қарқынмен үйлерді қашан жаңартып боламыз. Сондықтан білекті сыбанып іске кірісіңіздер, – деді аймақ басшысы.
Облыстағы ветеринария саласы бойынша алты айда атқарылған жұмыстар талқыланды. Аймақ басшысы ветеринариялық пунктер, мал қорымдары, базарлар барлығы талапқа сәйкестендіруді сала мамандарына қатаң тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз