Келінінің құнды заттарын қолды етті

59

0

Келінінің құнды заттарын қолды еттіҚазалы ауданында тұратын азаматша өзінің келінінің үйінің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, өзінің арам пиғылын жүзеге асырған. Үйге кіріп, құнды заттарды қолды еткен.
Қазалы аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, жатын бөлмеде тұрған сандық ішіндегі әйелдер курткасының қолтығында пакетте ораулы тұрған қызыл түсті әмиянынан 1 200 000 теңге, 100 АҚШ доллары және құны 50 000 теңге тұратын алтын сырғасымен бірге жасырын ұрлап, жәбірленушіге ірі мөлшерде 1 268 000 теңге мүліктік залал келтірген. Сот сотталушының бұрын сотты болмағанын, жасаған қылмыстық әрекетіне өкініп, кешірім сұрағанын, оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқын, іс бойынша залалдың қалпына келтірілгенін, жәбірленушінің сотталушыға кешірім бергенін, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын нақты өтеуге жіберу оның отбасының және жеке басының тiршiлiк жағдайына қолайсыз ықпал ететінін ескере отырып, оны қоғамнан оқшауламай-ақ қайта тәрбиелеу мүмкіндігі бар деп есептеді.
Сот Қазақстан Республикасы ҚК-нің 175-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен айыпталған сотталушы Е.-ге 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жазаны сол мерзімге шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімін тағайындады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз