Кемшіліктер нәтижелі жүзеге асырылуда

51

0

Кемшіліктер нәтижелі жүзеге асырылудаБайқоңырлық нұротандықтар «Кедергісіз келешек» кедергіні жеңуі тиіс» деген ұранмен Ақай ауылына қарасты бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделуіне бақылау жүргізді. Бұл жолы қадағалауға Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттары ілікті.
«Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайды жақсарту мәселесіне әрдайым назарын аударып келеді. Осыған орай, өңірде 2016-2017 жылдарға арналған арнайы «Жол картасы»әзірленді. Сондықтан ғимараттарды қайта жабдықтауға қатысты бақылауды үнемі жалғастырып, жұмыстың талапқа сәйкестігін тексереміз» дейді қоғамдық бақылау топтың мүшесі, Байқоңыр қалалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жеңіс Садықов.
Жұмыс тобының мүшелері Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттарының әлеуметтік бейімділігіне қанағаттанарлық деген баға қойды. Мәселен, 320 балаға шақталып салынған мектеп ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы автотұрақтар бар. Дегенмен білім ордасына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жүріп-тұруға арналған пандустарды орналасытурда тиісті ережелер сақталмаған. Көмекке күтуші шақыру үшін дыбыс батырмасы жұмыс істемейді.
Ал ауылдық округ әкімшілігі ғимаратында автотұрақ, арнайы қызмет көрсету орны мүлдем жоқ. Мүгедектер үшін санитарлық аймақ та қолжетімсіз. Пандус бұрышы рұқсат етілген нормативтерге сай емес. Пандустың ені және оның тұтқалары ұстауға сәйкес келмейді. Жұмыс тобымен аталған кемшіліктерді түзету үшін мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар беріліп, қадағалауға алынды.
Жыл басынан бері Байқоңырлық нұротандықтар 10 әлеуметтік нысанға бақықлау-тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру жұмыстары барысында жасалған кемшіліктер бүгінде нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық нысандар қол жетімді болады деген үміттеміз дейді «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының консультанты Әсет Мереков.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз