Кенеге қарсы күрес жүруде

107

0

Кенеге қарсы күрес жүрудеБүгін Қызылорда облысының БАҚ өкілдеріне Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз-туры барысында журналистер Жалағаш ауданы Ақсу ауылындағы қауіпті кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарымен танысты. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың эпидмаусымында өңірде қоздырғыштары таралған қолайсыз аймақ ретінде 117 елді мекен анықталған. Жалпы аудан бойынша көктемгі кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары 10 елді мекенде жүргізілуде.
Бүгінгі күнге залалсыздандырудың бірінші айналымы толық аяқталып, екінші легі басталуда. Жалпы көлемі 297 111 шаршы метрді құрайтын 3 550 қора, 46 591 мал залалсыздандырылады.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз