Кент тұрғындарымен Елбасы Жолдауын насихаттады

29

0

Тасбөгет кентінде С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде ҚР Энергетика вице-министрі М.Мырзағалиев кент тұрғындарымен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттауға бағытталды.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Е.Ким, қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов және Тасбөгет кентінің әкімі Ж.Алиев қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов Елбасының тапсырмасымен бүгінде қаладан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Елбасы Жолдауының төртінші басымдығында Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі. Сондай-ақ, Қызылорда облысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде басталған баспана объектілерін салу жалғасады. Бүгінде, қала бойынша жер кезегіне 50 мыңнан астам азамат тіркеуге алынған. Қаладағы ең өзекті мәселелердің бірі – кезекте тұрған азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін табыстау. Осы мәселенің шешімін табуда 2016 жылы аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей қолдауының арқасында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге 980 гектар аумақты құрайтын жаңа «Бәйтерек» мөлтек ауданы құрылып, 6 мың 600 азаматқа жер телімдері табысталды, – деді ол.
Сонымен қатар жиынға келген ақсақалдар Елбасының Жолдауынан туындайтын мәселелерді насихаттауға келген қонақтарған Сыр елінің атынан алғысын жеткізді.


Шынар БЕКБАН.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз