Кез келген телеарна осындай жобаны алып кете алмайды

47

0

«Қазақстан» телеарнасында халықаралық «Мен қазақпын» жобасы бастау алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  атап өткендей, «Біздің ұлттық дәстүріміз бен салтымыз, тіліміз бен өнеріміз, әдебиетіміз бен тойдағы әдет-ғұрыптарымыз – бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз  мәңгі бізбен бірге қалу қажет. Неліктен «Қазақстан» телеаранасына таңдау түсіп отырғанын түсіндіре кетейін деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникциялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында. «Қазақстан» -№1 арна. Және 99 пайызға жуығын қамтиды. 100 пайыз қамтылу- бұл бірінші кезекте. Екіншіден, ұлттық арнаның танымалдылығы маңызды болып отыр. Үшіншіден, арнаның маңыздылығында»-деді министр Абаев өз сөзінде. 
Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі  жоба бағасының мәселесін «Қазақстан» ұлттық арнасының толық шешетінін алға тартты. «Кез-келген телеарна осындай жобаны алып кете алмайды. Сондықтан «Қазақстан» телеарнасына таңдауы түсті»,-деді Дәурен Абаев. 
Министр Дәурен Абаев осы жобаның жалғасатынын да атап өтті. «Тек «Қазақстан» телеарнасы ғана емес, барлық бұқаралық ақпарат құралдары жұмылдырылады» Бұл жерде мемлекеттік болмаса жекеменшік деп бөлінбейді» Ақпарат және коммуникациялар министрлігі үшін ең маңыздысы-тиімділік. Біз кез-келген саланың кез-келген жобасын қолдауға дайынбыз. Жақын арада бір нақты жобаны атаймыз. Қазірдің өзінде маңызды және қызықты жоба «КТК» және «31» теларнасымен бірге дайындық үстінде»,-деп нақтылады министр Дәурен Абаев. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз