Киік атқандар мемлекетке 4,5 млн. теңге шығын келтірген

45

0

Киік атқандар мемлекетке 4,5 млн. теңге шығын келтіргенҚызылорда облысындағы құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық
тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру
кеңесінің көшпелі отырысында облыс прокурорының аға көмекшісі Нүркен
Тұрғанбай баяндағандай, 2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан-Қытай
шекарашылары біздің елдің аумағынан 13,7 мыңға жуық киік мүйіздерін
шығару жағдайының алдын алған.

Киіктің мүйізінің келісі 4 мың АҚШ
долларына бағаланады. Оның үстіне ол шығыс медицинасында дәрi-дәрмек
шикiзат ретiнде қолданылады. Содан да киік мүйiздеріне қатысты
браконьерлік тыйылмай тұр.

«Бұл мәселе Қызылорда облысына да қатысты.
2015 жылы браконерлердің қолынан 16 бас киік өліп, 55 дана мүйіз
алынған. Мемлекетке 4,5 млн. теңге шығын келген. Барлығы 27 қылмыстық
құқықбұзушылық туралы хабарлама сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің
бірыңғай тізіміне тіркеліп, оның 14-і сотқа жолданды», – деді Нүркен
Тұрғанбай.
Айта кетейік, ел заңында киік атушылармен қатар оның етін сатып алушыларға да қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз