Кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты жеңімпаздарының есімдері анықталды

93

0

Кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты жеңімпаздарының  есімдері анықталдыҮстіміздегі жылдың 28-31 мамыр
аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының чемпионаты
аяқталды. Жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 300-дей спортшы фулл-контакт
бөлімінде жүлделерді сарапқа салды.

2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында
жеңімпаздар:

Ұлдар арасында: 27 келі: Диас Иманмұса (Қызылорда
облысы), 30 келі: Әлішер Асылбеков (Жамбыл облысы), 33 келі: Инаят Жолдасов
(Жамбыл облысы), 36 келі: Ералы
Даулетханов (ШҚО), 39 келі: Талант Уралбаев (Жамбыл облысы), 42 келі: Олег
Бакан (Астана қ.), 45 келі: Серікжан Салемгереев (Атырау облысы), 48 келі: Арман
Олжабеков (ОҚО), 51 келі: Темірлан Шаңғытбаев (Байқоңыр қ.), 54 келі: Диас
Шамет (Қызылорда облысы), 60 келі: Арсен Асхатұлы (Қызылорда облысы), 63 келі: Нұрбек
Жақсылық (Қызылорда облысы), 67 келі: Арсен Әбдірасыл (ОҚО).

Қыздар арасында: 30 келі: Имаш Асылжан (ОҚО), 33
келі: Алина Славина (ОҚО), 40 келі: Алина Күзембай (Жамбыл облысы).

2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында
жеңімпаздар:

Ұлдар арасында: 30 келі: Диас Қарманов (Қызылорда
облысы), 33 келі: Дулат Дүйсенов (Жамбыл облысы), 36 келі: Данияр Омаров (ОҚО),
39 келі: Әділ Шайдуллаев (Павлодар облысы), 42 келі: Қазбек Есенғазы (Ақтөбе
облысы), 45 келі: Наиль Халилулин (Алматы облысы), 48 келі: Сардар Жолай (ОҚО),
51 келі: Мұрат Жаухан (ОҚО), 54 келі: Диас Байғабылов (Қызылорда облысы), 57
келі: Сәлімжан Салемгереев (Атырау облысы), 60 келі: Алихан Кеңес (Жамбыл
облысы), 63 келі: Мақсат Сауатбеков (Байқоңыр қ.), 67 келі: Жалғас Сағатов
(Маңғыстау облысы), 71 келі: Нұрбол Мақсұтов (Байқоңыр қ.), +75 келі: Эмир
Бусурманов (Қостанай облысы).

Қыздар арасында: 36 келі: Замина
Мадедова (ОҚО), 40 келі: Дарья Грин
(Қостанай облысы), 44 келі: Ақбота Таңғатар (Жамбыл
облысы), 48 келі: Арай Есбергенова (Жамбыл облысы), 52 келі: Аружан Қожамсүгір
(ОҚО), 60 келі: Жамила Болат (Жамбыл облысы).

Жарыс жеңімпаздары мен
жүлдегерлер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің диплом, медальдарымен
марапатталды. Сондай-ақ, төрешілер алқасы келесі номинацияларды жариялады.
Шаршы алаңдағы «Үздік рефери» Жамбыл облысынан Нұрғали Наурызбаев атанса,
«Үздік қапталдағы төреші» ретінде Сембай Ақжолов (Павлодар облысы), Станислав Могилевцев
(Павлодар облысы), Дастан Кабденов (СҚО), Думан Кайпов (Астана қ.), Янут Алиевтер
(ШҚО) танылды.

«Жеңіске
деген жігері үшін» номинациясымен ел чемпионатының қола жүлдегерлері, оңтүстікқазақстандықНұрасыл Нұрлыбай (2003-2004 ж.т.) мен
павлодарлық Алмас Ұзаханов (2001-2002
ж.т.) марапатталды.

«Үздік
техника көрсеткені үшін» Қазақстан
чемпиондары, қызылордалық Диас Иманмұса (2003-2004 ж.т.) мен Оңтүстік қазақстан
облысының спортшысы Данияр Омаров (2001-2002 ж.т.) ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық
есепте Оңтүстік Қазақстан облысының командасы көш бастады. Екінші орынды жамбыл
облысының құрама командасы иеленсе, үшінші орынды Қызылорда облысының командасы
еншіледі.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз