Кикбоксингтен жеңімпаздар есімі анықталды

83

0

Кикбоксингтен жеңімпаздар есімі анықталдыҚызылорда қаласында ерлер мен әйелдер арасында кикбоксингтен Қазақстан Республикасының XXV чемпионаты аяқталды. Жарысқа 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Олардың ішінде кикбоксингтен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары да бар. Чемпионатта фулл-контакт және к-1 бөлімдерінде 29 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. 
Фулл-контакт бөлімінде: 
Ерлер арасында: 51 келі: Нұрділдә Ералиев (Жамбыл облысы), 54 келі: Ерлан Шағбан (Астана қ.), 57 келі: Мұхамеджан Тілегенов (Жамбыл облысы), 60 келі: Абзал Дюсупов (Атырау облысы), 63,5 келі: Елдар Бауыржанұлы (ШҚО), 67 келі: Бейбарыс Бауыржанұлы (ШҚО), 71 келі: Ерсайын Қасамбаев (Павлодар облысы), 75 келі: Стелиян Аврамиди (Қарағанды облысы), 81 келі: Нұрсұлтан Жақыпов (СҚО), 86 келі: Айдын Сәдуақасов (ШҚО), 91 келі: Ердәулет Жеңіс (Қызылорда облысы), +91 келі: Айдын Әбдірахман (Алматы облысы). 
Әйелдер арасында: 48 келі: Нұржайнат Елубаева (ОҚО), 52 келі: Айдын Әбенова (ОҚО), 56 келі: Айда Тұяқбай (ОҚО), 60 келі: Марина Ни (Қарағанды облысы), 65 келі: Гүлбану Саматова (Қызылорда облысы), +65 келі: Нұржанат Тлеуімбетова (Қызылорда облысы). 
К-1 бөлімінде: 
Ерлер арасында: 51 келі: Нүркен Төлегенов (ОҚО), 54 келі: Әлішер Қадыров (Қарағанды облысы), 57 келі: Бауыржан Құдайбергенов (ШҚО), 60 келі: Шынғысхан Тлемісов (Астана қ.), 63,5 келі: Қанағат Нұрғалиев (ШҚО), 67 келі: Жанат Смекенов (Павлодар облысы), 71 келі: Артур Сауырбаев (Павлодар облысы), 75 келі: Саян Жақыпов (Павлодар облысы), 81 келі: Бабуржан Артықбаев (ОҚО), 86 келі: Шыңғыс Ысқақов (Алматы қ.), +91 келі: Асхат Жантұрсынов (Жамбыл облысы).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз