Көктемде Қармақшыға газ келеді

83

0

Келер жылы Қармақшы ауданының тұрғындары табиғи газдың игілігін көреді. Ол үшін республикалық бюджеттен 500 млн теңге, облыстық бюджеттен 55,6 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, мердігер мекемемен келісім-шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Жосалы кентіндегі автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан газ құбыры – бұрыпының құрылысы жүргізілуде. Аталған жұмыстардың аяқталу уақыты – 2018 жылдың сәуір айы деп белгіленіп отыр.
Жалпы газдандыру жұмыстары аймақтың сенімді энергетикалық базасын құрып, тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге, өңірдің әлеуметтік- экономикалық дамуының динамикасына оң септігін тигізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз