Көктемгі дала жұмыстары пысықталды

43

0

Көктемгі дала жұмыстары пысықталдыСырдария. Сырдариялық дихандар өткен жылды табысты аяқтап, ауылшаруашылық саласы бойынша озат атанды, аудан әр жылы 18-19 мың гектарға дейін күріш дақылын егеді (облыста егілетін күріш көлемінің 25 пайызы). 
Осы егіс көлемінің 17500 гектары іріленген 7 шаруашылықтың үлесінде екен. Қазіргі таңда ауданның егін егуші шаруашылықтары пайдаланылған су көлемін Үкімет тарапынан субсидиялау ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 28 ақпанына дейін су беруші мекемемен келісім-шартқа отыруы тиіс болса, бұл мәселе әр түрлі себептермен кешігуде.
Енді санаулы күндерде көктемгі дала жұмыстары басталмақ. Ауа райының болжамы бойынша биыл өте ыстық болады деп күтілуде. Сондықтан «көктемнің бір күні жылға азық» демекші аудан басшылығы шаруашылық басшыларымен бас қосып, семинар-кеңес өткізді.
»Семинар ауданға қарасты С.Сейфуллин атындағы ауылда болып өтті. Аталмыш кеңеске облыстық ауылшаруашылығының басшысы Т.Дүйсебаев, Қазақстан күрішшілер Одағының президенті А.Ералиев, аудан әкімі Ғ.Қазантаев және ауыл әкімдері мен шаруашылық басшылары қатысты. 
Семинар-кеңес барысында егілетін күріш көлемін арттыру, суландыру, күріш дақылының өнімділігін дамыту, мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдіктерге қол жеткізу және егінді малдан қорғау мәселелері талқыланды» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз