Көңіл айтуға келген құдаша ұялы телефон ұрлап кетті

51

0

Көңіл айтуға келген құдаша ұялы телефон ұрлап кеттіҚызылордада бір азаматша дүниеден өткен туысына көңіл айтып барып, ұялы телефонын қолды қыламын деп сотты бола жаздады. Бұл туралы Қызылорда қаласы №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады. 
Кінәлі азаматша қайтыс болған туысының үйіне көңіл айтып барып, асханасында қараусыз қалған құны 40 000 теңге тұратын ұялы телефонды қолды қылады. Алайда сот отырысында құдаша болып келетін азаматшалар өзара ымыраға келіп, істі «Медиация туралы» Заңға сәйкес қысқарту үшін «Дауды реттеу туралы келісімді» сотқа ұсынған. 
Сотталушының келтірген мүліктік залалдың орнын толтырып, жәбірленушімен «Медиация туралы» Заңның тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігінің негізінде өндірістен қысқартылуға қаулы етілген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз