Көлеңкелі экономикаға жол жоқ

45

0

Көлеңкелі экономикаға жол жоқЖалағаш. Қызылорда облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары Қордабай Нұрғали Рақымшаұлы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдауы өтті.
Департамент басшысының орынбасары департамент бастамасымен облысымызда «Көлеңкелі экономикаға халық пен салық қызметі қарсы!» атты 3 айлық акциясы бастау алғаны, акцияның алға қойған негізгі мақсаты мен бағыты туралы баяндап берді. 
Кент ардагерлерінің төрағасы Б.Көштаев осы облыс бойынша атқарылып жатқан акцияны қолдап, қоғамдық бірлестік өкілдеріне салық саясатын кенінен түсіндіріп, жастарды осындай акцияларға белсенді қатыстыру керек екендігін жеткізді. «Содан кейін салық басқармасының ардагерлер төрағасы Қ.Әбілдаев кәсіпкерлерді бірлендіру, идеология жұмыстарын жандандыру, жолаушы тасымдалдаушы такси жүргізушелрге диспечерлік пункт ашып, салық басқармасына тіркетіп, салықтандыру жұмыстарын қолға алу керек екендігін жеткізді» деп хабарлайды аудан әкімдігі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз