Көлік апатын жасаған Польша азаматы айыппұл төледі

37

0

Көлік апатын жасаған Польша азаматы айыппұл төледіАрал
аудандық сотында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген
қағидаларын бұзып, көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соққан құқық
бұзушылығы үшін Польша Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс
қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, Польша
Республикасының азаматы М.Рекавек 10.05.2015 жылы «Шымкент-Самара»
трассасының бойында «DAF» автөкөлігін басқарып келе жатып, №1327
бекеттің тұсында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген
қағидаларын орындамай, Венгрия Республикасының азаматы Т.Ковачтың
басқаруындағы «Volvo» автокөлігіне және Е.Нурадиновтың басқаруындағы
«Газ-53-12» автокөлігіне соқтығысып, көлік құралдарының бұзылуына әкеп
соққан құқық бұзушылықты жасап, жәбірленушілерге материалдық залал
келтірген.
Сотта құқық бұзушы М.Рекавек кінәсін
мойындап, кешірім сұрап, жәбірленуші Е.Нурадиновке келтірген шығынды
өтегенін, ал Венгрия азаматы Т.Ковачқа келтірген материалдық шығынды
сақтандыру компаниясы арқылы өтейтінін көрсеткен.
Сот әкімшілік жаза тағайындау
барысында, құқық бұзушының кінәсін мойындап, жасаған құқық бұзушылығына
өкінетінін, жәбірленушілермен татуласқанын ескеріп, оны Қазақстан
Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, 10
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 19820 теңге көлемінде айыппұл
салды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз