Үкімет басшысының орынбасары Байқоңырдағы әлеуметтік нысандарды аралады

52

0

Үкімет басшысының орынбасары Байқоңырдағы әлеуметтік нысандарды араладыҚР
Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев бастаған делегация Байқоңыр
қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап, жұмысымен танысты.

Алдымен
перзентханаға ат басын бұрды. Бұл ғимаратты қазақстандық тарап осыдан бес бұрын
салған болатын. Бірақ түрлі себептермен денсаулық нысаны әлі күнге дейін
қабылданбай келеді. Қос мемлекеттің Үкіметі бұл мәселені бірігіп талқылаудан
өткізуде. Аймақ басшысы бұл ғимаратты облыстық медициналық орталықтың Байқоңыр
көпсалалы филиалы есебінде жұмыс жасайтындығын жеткізді. Қазір тисті
министрлікпен құжаттары дайындалуда.

Байқоңырдағы 6 қазақ мектебі мен 1 балабақша жаңа оқу
жылынан бастап қазақстандық білім беру стандартына көшті. 2015 жылға аталған
білім беру нысандарының шығындарына республикалық бюджеттен 982,1 млн. теңге
қаржы бөлінді. Мұндағы мектептерге
қажетті 90442 дана оқулық толығымен жеткізілген.

Премьер-Министрдің
орынбасары жұлдызды қаладағы №273 А.Құнанбаев атындағы орта мектептің жұмысымен
танысты. Мұндағы оқушылар өз елінің тарихын оқып, қиса-дастандарды жаттап
өсетіндіктеріне қуанышты.

Биыл Байқоңыр
қаласының іргесіндегі Ақай ауылында 280 орындық «Балдырған» балабақшасы ашылып,
мектепке дейінгі білім беру мәселесі толығымен шешімін тапты. Бердібек
Сапарбаев нысанды аралап көріп, бүлдіршіндердің өнерін тамашалады.

Осы ауылда 600
орынға арналған мектептің құрылысы қызу жүруде. Жоспар бойынша қазан айында
пайдалануға беріледі. Үкімет басшысының орынбасары құрылыс сапасына аса мән
беріп, сыныптар барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілу қажеттігін ескертті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз