Әкімшілік істер саны азайды

49

0

Әкімшілік істер саны азайдыҚызылорда қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  соты өткен жылды қорытындылады. Сот төрағасы Мейрамбек Ибрашевтің айтуынша, сотқа өткен жылдың 12 айында 6040  әкімшілік іс келіп түскен.
Оның ішінде 14 әкімшілік  іс ведомстволық  бағыныстылық бойынша кері қайтарылса, 6007 әкімшілік іс негізінен қаралған. Келіп түскен әкімшілік істердің ішінде  5844-і, яғни  97,2 %-ын қарау мемлекеттік тілде жүргізілген. Жалпы мешін жылында келіп түскен әкімшілік істерді 2015 жылдың есепті  кезеңімен салыстырғанда  1124 іске немесе 16% азайғаны байқалады. Сондай-ақ, сот төрағасы Есепті мерзімде 308 әкімшілік  іс сот  өндірісінен қысқартылғандығын айтады. Олардың басым көпшілігі ӘҚБтк-нің 741-бабының 1-бөлігінің 2-тармағына сай әкімшілік  құқық  бұзушылық құрамының болмауына және ӘҚБтК-нің 64-бабына, Медиация Заңына сәйкес құқық бұзушы жәбірленушімен бітімгершілікке  келуіне байланысты  сот өндірісінен тоқтатылған. 
Тағайындалған жазаларға тоқталсақ, әкімшілік   жазалар   тағайындалған істердің  ішінде,  2140 адамға әкімшілік айыппұл, 698  адамға арнаулы құқықтан айыру, 2550 адамға әкімшілік  қамауға алу, 56 адамға ескерту, 64 адамға ҚР аумағынан әкімшілік  жолмен шығару   жазалары қолданылған. Сонымен қатар, 100 адамға көлік құралын басқару құқынан айыру, 44 адамға ҚР  шегінен әкімшілік жолмен шығару, 62  адамға әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған заттарды мемлекет пайдасына тәркілеу, 22 адамға  тиісті қызметінен лицензияны  тоқтату, 1 адамға  заңсыз салынған  құрылысты бұзу түріндегі қосымша жазалар тағайындалған.  
Нағымжан САУЯЕВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз