Әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

64

0

 Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен мемлекетік органдармен бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға өткізілетін конкурстарына талдау жүргізілді.

Талдау барысында, бірқатар мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамалары сақталмайтындығы анықталды.

Атап айтқанда, Қызылорда облысының білім басқармасымен барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы өткізілген ішкі конкурсқа құжат тапсырған үміткерлердің құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келмесе де, мемлекеттік қызметке қабылданған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен Қызылорда облысының білім басқармасының кінәлі лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ресімделіп, қарау үшін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, әр түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, барлығы 456 099 теңге айыппұл бюджетке түсірілді.

Департаменттің

Мемлекеттік қызмет саласындағы

бақылау басқармасының

бас маманы

Н.Ж. Алиев                          

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз