К.Мәсімов Байқоңырдағы перзентханада болды

40

0

К.Мәсімов Байқоңырдағы перзентханада болдыҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапары
барасында Байқоңыр қаласындағы перзентханада болды, – деп хабарлады
pm.kz сайты.
    «Медицина мен білім беру саласы Байқоңырда қазақстандық стандартқа
ауысты», – деп жазды ҚР Премьер-Министрі өзінің туиттердегі аккаунтында.
    Медициналық мекеменің жұмысы туралы Кәрім Мәсімовке денсаулық
сақтау вице-министрі Алексей Цой мен облыстық денсаулық сақтау
басқармасының басшысы баяндады.
    А.Цой атап өткендей, арнайы емдеу мекемесі бір ауысымда 100
келушіге есептелген консультативтік-диагностикалық емханасы бар 120
төсек-орындық көпбейінді қалалық аурухана болып табылады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз