«Күнделік» жобасы жол тартты

70

0

«Күнделік» жобасы жол тарттыОрталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрлігі білім саласында электрондық жүйені енгізу мақсатында жасалынып жатқан серпінді жобалар туралы баспасөз мәслихатын өткізді.
Оған министрліктің Ақпараттық технологиялар департаменті директоры Алмат Ищанов, заң департаментінің директоры Нұрсейіт Байжанов пен мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева қатысты.
Аталған ведомствоның өкілдері елімізде электрондық күнделіктер жүйесінің қанатқақты жобалары туралы баяндады. 
Бұл жобаны 2015 жылы «Күнделік» САЖ ұсынған болатын. Ол электрондық журналдар мен күнделіктер жобасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Осыған байланысты министрлік жобаның тиімділігін қарастырып, уәкілетті органдарға жіберді. Ал былтыр тұжырымдама жобасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, «Атамекен» ҰКП мен «МЖӘ Орталығы» АҚ-на жолданды. 
 –Қазіргі уақытта Kundelik.kz ресурсы «Ақпараттандыру туралы» заңға сәйкес ақпараттық жүйелердің мемлекеттік бірыңғай операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ инфрақұрылымында орналастырылды.   
Бүгінде жүйеге 3887 мектеп пен 2,5 млн. адам тіркелген. Олардың ішінде мұғалімдер 174 006 мұғалім, 1 467 286 оқушы мен 854 280 баланың ата-анасы бар. Жүйені барлық облыстар мен Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары мен 177 қалалық және аудандық білім бөлімдерінің 156 қолданып отыр, – деді А.Ищанов. 
Брифингте министрліктің өкілі әріптес компаниямен тікелей келіссөздер жүргізіп, жүйені жетілдіру бойынша барлық ұсыныстардың қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен бірге ол қазіргі кезде  «Күнделік» компаниясының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттардың тарап жатқанын да жасырмады.  Осыған байланысты ол жиында серпінді жобаның мәні мен маңызы туралы кеңірек айтып берді. 
 –«Kүнделік» жүйесіне еліміздің кез-келген мектебі қалаған уақытында тегін қосыла алады. Ол мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары өз бағаларын, үй тапсырмаларын, сабақ кестелерін, мектептегі жаңалықтарды және басқа да ақпаратты қарап отыруға арналған. Ата-ана өз пайдаланушы аты мен құпиясөз арқылы кundelik.kz сайтына кіріп, «Балалар» – «Күнделік» деген бөлімдері арқылы өз баласының электронды күнделігіне кіріп, оның бағаларын, үй тапсырмаларын тегін көре алады. Мектептерден де сайтты пайдалану үшін ешқандай төлем алынбайды, – деді ол.
Жиында осы мәселеге байланысты Жаңыл Жонтаева да өз ойларымен бөлісті. Ол басқа жобаларға қарағанда, Kundelik.kz жобасы бюджеттен қаржыландырылмайтынын,  оның жұмысын жетілдіруге салық төлеушілердің бір тиыны да жұмсалмайтынын ескертті. Сол сияқты ол Kundelik.kz жүйесіне тіркелген адамдар туралы ақпараттардың бәрі заңмен қорғалып, оның қауіпсіздігіне мемлекеттің өзі кепілдік беретінін атап өтті. Осы орайда ол жүйеге тіркелген кезінде ЖСН жолын толтыру міндетті емес, оқушының ата-анасына тіркелу үшін толық аты-жөнін, туған күнін және жынысын хабарлау жеткілікті екенін айтты. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз