
Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Қанбаев, колледж директорының міндетін атқарушы Ә. Әбдібеков, «Жас Отан» жастар қанаты, аудандық «Темірқазық» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жастарды қолдау орталығы» аудандық бөілімінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында колледж студенттеріне Елбасы Жолдауының басым бағыттары, негізгі жаңалықтар, негізгі міндеттер туралы айтылды. Студенттерді қуантқан шәкіртақының көбейетіндігі болды. Кездесуге келген жастар ұйымдарының өкілдері студент жастарды белсенділікке шақырып, түрлі шараларды бірге жүзеге асыруға шақырды.