Колледж түлектерінің 90 пайызы жұмыспен қамтылады

91

0

Колледж түлектерінің 90 пайызы жұмыспен қамтыладыҚазалы көлік-техникалық колледжі жылма-жыл бүгінгі күннің сұранысына сай мамандық иелері дайындалып келеді.
Колледж ұстаздар теміржол саласының ұсталарын, вагон жөндеушілері мен қараушыларды, жол және жол шаруашылығы, жол бригадирі, электргазымен пісіруші, токаршы, құрылыс шебері сияқты 10 мамандық бойынша мамандар әзірлейді. Оқу орны  кезінде Қазалы паровоз депосының жанында теміржол училищесі болып ашылған. Жыл сайын осы оқу орнын бітіруші түлектерінің 70-80 пайызы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы бітірушілердің 90 пайызы тұрақты жұмысқа тұруға жоспарлап отыр. Бұл таңдаған мамандыққа сұраныстың бар екендігін көрсетеді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз