Колумбия, Кот-д\’Ивуар жеңіске жетті

48

0

С ТОБЫ. 1 ТУР
Мамандар С тобына түскен құрамалардың арасынан қайсысының суырылып алға шығатынын дәл болжай алмай отыр. Десе де алғашқы турдың өзінде олардың қайсысы әлем чемпионатына қаншалықты дайындалып келгенін аңғарылып қалды. 
Колумбия – Грекия – 3:0
Голдар: Армеро, 5 (1:0); Гутьеррес, 58 (2:0); Родригес, 90+3 (3:0).
Ескерту алғандар: Санчес, 26 – Папастатопулос, 52; Салпингидис, 55.
Құрамалардың деңгейі бір-бірімен қатарлас. Дегенмен, жанкүйерлер 2004 жылғы Еуропа чемпионы атанған Грекия құрамасынан жеңіс күткен еді. Өкінішке орай, олар бұл сенімді ақтай алмады. Қайта Колумбия өздерін жақсы қырынан танытты. Олар жинақы ойын көрсетті. Қарсыластар қақпасына жауапсыз үш доп соқты. Топтан екі құраманың бірі Колумбия болуы әбден мүмкін. Ал Грекия жағдайын қиындатып алды. Гректер қалған екі ойында жеңіске жетпесе, елдеріне ертерек оралуға қам жасайды.
 
Колумбия, Кот-д'Ивуар жеңіске жетті 
 
 
Кот-д\’Ивуар – Жапония – 2:1
Голдар: Хонда, 16 (0:1); Бони, 64 (1:1); Жервиньо, 66 (2:1).
Ескерту алғандар: Бамба, 54; Зокора, 58 – Йосида, 23; Морисиге, 64.
Жапондар кездесуде алғашқы болып гол соқты. Алайда, оны ойын соңына дейін ұстап тұра алмады. Піл сүйегі жағалауынан келген футболшылар алдымен таразы басын теңестіріп, одан кейін жеңіс добын соғып кетті. Африкалық құрама осылайша жарысты жалғастыруға бір қадам жақындай түсті. Әрине, жапондар да келесі ойындарға бар күшін салады. Осы топтағы бағы мен бабы қатар келген құраманың қайсысы болатынын жанкүйер қауымы да асыға тосып отыр. 
 
Колумбия, Кот-д'Ивуар жеңіске жетті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз